Республикалық вебинар өтті

Пресс-служба     19 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде «Тіл және қоғам. Латындандырудың мәні» пікірталас форматындағы республикалық вебинар өтті. Шәкәрім университетінде «Тіл және қоғам. Латындандырудың мәні» пікірталас форматындағы республикалық вебинар өтті.  Онлайн форматта өткен пікірталасқа Шәкәрім университеті Қазақ Филологиясы факультеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалдары, «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»және «Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» қатысты.
Вебинар қатысушылары латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша жүргізілетін біліктілікті арттыру курстарында білім беру үдерісін ұтымды ұйымдастыру жолдары туралы пікірталас жүргізді.
Вебинар барысында «Қазақ жазуының тарихы және тіл мәселесі» «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» атты баяндамалар оқылды. Шара соңында Шәкәрім университетінің өкілдері «Өрлеу» біліктілікті артыру ұлттық орталығы филиалдарының қызметкерлерін жоғарыда аталған мәселелер төңірегенде конструктивті диалог құруға шақырды.