Робототехника зертханасы

Пресс-служба     05 Nov,2019        

Шәкәрім университетінің физика-математика ғылымдары және информатика оқу кафедрасында Робототехника зертханасы ашылды.
Работотехника зертханасы биыл бағдарламаға енген информатика работотехника мамандығы студенттеріне арналды.
2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі “Орта білім беруді жаңғырту” жобасын іске қосуда 16 жоғарғы оқу орны үшін робототехника зертханаларын құру туралы айтқан болатын. Биыл жобаны іске асыру барысында Шәкәрім университетінің робототехника зертханасы құрылғылармен қамтамасыз етілді.
Зертхана – робототехникалық жиынтықты, микроскоптар және сандық осцилографф сынды жұмысқа қажетті түрлі құрылғыларды қамтиды.
Бұл құрылғылар студенттердің зерттеу жұмыстарын жүргізу аясын кеңейтіп, жаңаша идеялардың тууына септігін тигізеді.
Айта кетейік мұндай құралдар қаламызда алғаш орнатылуда. Демек, болашақта жаңа жобалар жүзеге асады деген сөз.
Физика-математика ғылымдары және информатика оқу кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы «ҚР Білім және ғылым министрлігіне, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне осындай тамаша мүмкіндік сыйлағаны үшін үлкен алғыс білдіреміз» дейді.