27 апрель 2022

«Ядролық медицина және онкология орталығы» базасындағы біліктілікті арттыру курсының 2-легі өтуде

 

Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен  2022 жылдың  25 сәуірінен 6 мамыр аралығында «Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК базасында «Медициналық сызықтық үдеткіште сәулелік терапияның техникалық аспектілері» тақырыбында  72 сағаттық біліктілікті арттыру курсының  2-легі өтуде.
Курс офлайн режимінде жүргізіледі.
Курс тыңдаушылары:  Нұр-Сұлтан қаласы «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС,   Көкшетау қаласы «Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК қызметкерлері.
Курс нәтижесінде тыңдаушылар сәулелік терапияның клиникалық-техникалық аспектілері туралы білімдерін, радиациялық терапияны жүргізу кезінде сапаны сақтау және қауіпсіздікті сақтау талаптарын, радиациялық қауіпсіздікті, аппараттардың сапасын бақылауды, сәулелік терапия жоспарларын верификациялаудың әртүрлі әдістері туралы білімдерін кеңейтеді.
Курс спикерлері:
1. Айткалиев Серік Максутканович - «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК медициналық физиктер бөлімінің меңгерушісі, магистр
2. Идинов Медет Толеугалиевич - «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК бас инженері, магистр
3. Айтқалиев Жомарт Қайролұлы - «Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК инженер физигі, магистр.
Курсты толық тыңдаған тыңдаушылар арнайы сертификатқа ие болады.