10 июнь 2022

Ядролық орталықтағы ауқымды экскурсия

 

9 маусым күні Жазғы мектеп шеңберінде кезекті де соңғы экскурсия өтті. Осы жолы оқушылар Курчатов қаласында орналасқан Ұлттық ядролық орталығына барып қайтты. Білім алушылар Семей ядролық сынақ полигон тарихымен танысып, білімдерін толықтырды. Мұражайдан кейін қатысушылар бүгінгі күндері жүргізілетін заманауи ғылыми зерттеулермен танысты, соның ішінде Радиациялық қауіпсіздік және экология институты, Атомдық энергия институт нысандары және лабораторияларындағы экспонаттарды тамашалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының және бүкіл әлемнің ең озық технологияларының бірі - термоядролық энергия зерттеулеріне үлес қосатын ТОКАМАК қондырғысын көруге мүмкіндіктері болды. Күннің ыстықтығы, жол алыстығына қарамастан, білім алушылар да, оларды экскурсияға апарған университет оқытушылары да бұл экскурсиядан зор әсер алып қайтты. Жалпы Жазғы мектеп аясында әртүрлі кәсіпорын, мекеме, табиғат аясына бес экскурсия ұйымдастырылды. Олардың барлығы оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтіп, практикалық білік-дағдыларын жетілдіре түсті деген сенімдеміз.