23 февраль 2024

"КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ" ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Shakarim University Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның аясында Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен «Күміс университет» жобасының тыңдаушыларына 48 сағаттық «Қазақ тілі» курсын бастады. Курсты «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының оқытушысы Өмірбаев Райымбек жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қомқорлық жасайды» деп белгіленген. Тыңдаушылар студенттік өмірдің атмосферасын қайтадан сезінуге мүмкіндік берген университет ұжымына алғысын білдірді.