«Shakarim High School» мектебі оқушылары үшін Психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі профессор Ш.Сатиева, 10-сынып оқушыларына «Өзіңнің ең үздік нұсқаң бол!» деп аталатын тренинг өткізді.
Тренинг оқушыларға өз потенциалдарын ашуға, күшті жақтарын және қызығушылықтарын анықтауға, сондай-ақ, университеттегі сәтті өмір мен оқу үшін қажетті дағдыларды дамытуға көмектесуді мақсат етті. Тренинг оқушыларға өте қызықты болды.