18 октябрь 2024

Оnline форматында Бек депрессия шкаласына байланысты тест

Shakarim University психологиялық қолдау қызметі студенттер арасында online форматында Бек депрессия шкаласына байланысты тест өткізді. Барлығы тестке 4553  студент қатысты. Зерттеудің мақсаты: университет білімалушыларының психологиялық жағдайын анықтау және олар тап болатын негізгі мәселелерді айқындау. Нәтижелер негізінде әкімшілікке, ПОҚ және эдвайзерлерге психологиялық хал ахуалды жақсарту және студенттерге көмек көрсету бойынша ұсыныстар әзірленді.