Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің Кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен ҚР БжҒМ Нұр - Сұлтан қаласының Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері 2021 жылғы 18-22 қазан аралығында офлайн режимiнде университет оқытушылары мен қызметкерлерiне арналған "Педагогикалық өлшеулер әдістемесінің негіздері" тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізген болатын, осы курсқа Ветеринария және агроменеджмент факультетінен Нуржанова К.Х., Сатиева К.Р. және Ахметова Б.С.қатысып, өздерінің жинақтаған білімдерімен бөлісу мақсатында факультеттің профессорлар оқытушылар құрамы үшін семинар ұйымдастырды. Семинарда ұйымдастырушылар өздерінің алған білімдері мен тәжірибелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қатысушылардың қызығушылығын арттыра білді.