20 май 2021

«МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА ДЕБАТТЫ ДАМЫТУ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

Шәкәрім шаңырағында «Мектеп қабырғасында дебатты дамыту» атты семинар-тренинг өтті
Шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бастамасымен дебат қозғалыстарын жандандыру мақсатында ұйымдастырылды. Shakarim University мен білім бөлімінің бастамасымен шаһарымызда дебат орталығын ашу жоспарлануда. Екі жақты кездесу барысында Семей қалалық дебат қозғалысының орталығы Шәкәрім университеті болып тағайындалды.
Тренингке Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Мақсат Карибаев пен Семей қаласы білім бөлімінің маманы Айдар Абдулхамитовтар қатысты.
Іс-шараның басты міндеті жастардың ой-өрісін, ізденушілік қабілетін дамыту, көп алдында өзін-өзі ұстау мәдениеттілігін тәрбиелеу, болашақ маман иелерінің сөйлеу мәдениетін қалыптастыр
️Қалалық және өңірлік мектеп оқытушыларына республикалық дебат ойындарының жеңімпаздары Қуаныш Молдақашев пен Рахым Қуатжановтар «Дебат форматы» дәрісін екі тілде жүргізді. Дәріс барысында дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы екендігін меңгертті.
Шара соңында қатысушыларға Басқарма төрағасы – Ректор Б.Ердембековтың атынан сертификат табысталды.

Последние новости