Рухани басқосу өтті

Пресс-служба     10 Aug,2020        

Абай күні мерекесіне орай Шәкәрім университетінде Абай институтының ұйымдастыруымен “Абай күні-поэзия мерекесі” тақырыбындағы рухани басқосу онлайн форматта өтті.

Абайтанушы ғалымдар Арап Еспенбетов, Ғарифолла Есім Абай мұрасының рухани құндылығы мен бұл күннің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Дулат Бабатайұлы атындағы ақындар мектебінің шәкірттері ұлы Абайға арналған жыр шашуларымен бөлісті.

Абай күні – мемлекеттік мереке. Әсіресе Қазақ елінің келешегі – жас ұрпақтың қалыптасуына, өз орнын табуына ақын мұрасының орны ерекше.

#Абайкүні
#абай175жыл