Рухани дәріс

Пресс-служба     27 Nov,2019        

Шәкәрім университетінің Жоғарғы Агротехникалық колледжінде тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтарбек Қарпықұлы дәріс сабақтарын өткізді. Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген дәрістің мақсаты студенттердің патриоттық сезімін, ұлттық санасын қалыптастыру болды.
Мұхтарбек Қарпықұлы тарихымыздың өткен күндер оқиғаларынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі кезеңдер туралы тың деректерді қамтыды. «Еліміздің туын көкке көтеретін, намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, жалынды жастар тарихымызды әрқашан жүректерінің түпкіріне сақтап, жадында ұстайды деп сенеміз» дейді ұйымдастырушылар.