Салт – дәстүрімізбен таныстырдық

Пресс-служба     18 Jul,2019        

Өзге елге алғаш келгенде сол елдің тұрмыс-тіршілігі, тағамдары барлығы қызық болып көрінетіні анық. Олардың салт-дәстүрі, мәдениетімен танысу ерекше әсер сыйлайды. Дәл осындай ерекше әсерді бүгін халықаралық жазғы лагерді жүргізуге келген Американың Уэст Либерти университетінің кафедра ассистенті Мегуми Марута және Оңтүстік Кореяның Кьюнгдонг университетінің студенттерімен ұстаздары сезінді. Шетелдік қонақтарға қазақтың салт-дәстүрін, өнерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған фестивальде «Қазақ тілін үйретудің халықаралық орталығының» оқытушылары мен мамандары алдымен қазақ ұлтының амандасуын көрсетіп, ұлттық ойындар ойнатып, ұлттық өнерімізді паш етті. Сонымен қатар ұлттық тағамдарымыздан дәм татқан қонақтар, арнайы тігілген қазақ үйге кіріп, құрылымымен танысты. «Барлығы өте қызықты, әрі әсерлі болды, қазақ халқының қонақжай екенін еститінбіз, сол қонақжайлықты көзбен көрудеміз» дейді, Кьюнгдонг университетінің студенттері.

Мұның барлығы  екі елдің студенттеріне беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Бұл дегеніміз тек білім алмасып қана қоймай мәдениетімізбен салт-дәстүрімізді де танып білу. Мәдениетін білу арқылы бір-бірін жақсы тануға жол ашылады. Дәл осылай халықтар арасындағы ынтымақтастық та нығаймақ.