Сәтті сапар

Пресс-служба     29 Nov,2019        

Аграрлық факультетінің өкілдері Баку қаласында өтіп жатқан Халықаралық “Ветеринария” форумына қатысып жатқанын айтқан болатынбыз.
Əзірбайжан ауылшаруашылық министрі Инам Керимовтің ұйымдастыруымен өтіп жатқан форум “Ауылшаруашылық малдары мен құстардың өнімділігіне заманауй көзқарас” тақырыбы бойынша өз жалғасын тапты.
Аталған форумда Шəкəрім Университетінің Аграрлық факультетінің деканы Сәуле Сейілғазина өз баяндамасын таныстырды.
“Ветеринария” форумының басталған күнінен бастап қатысушыларға арнайы біліктілікті жоғарлату программасы да қарастырылған. Университет өкілдеріне Ғылыми зерттеу институтының директоры Сиала Рустамова “Біліктілікті жоғарлату” куəлігін жəне арнайы “Сертификатты” табыстады. Аталған институтпен Шəкəрім университеті арасында тығыз байланыс орнату үшін келісім шартқа қол қойылды. Болашақта магистранттар мен докторанттардың ғылыми-практикалық тəжірибелерін Баку қаласында өтуіне мүмкіндік туады. Осылайша университет өкілдерінің Әзірбайжан еліне сапары сәтті аяқталды.