«SCIENCE-2019. 100 жаңа оқулық»

Пресс-служба     12 Apr,2019        

12 сәуір күні Шәкәрім университетінде Ғылым күніне және Елбасының “Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру” бағдарламасына  2 жыл толуына орай  «SCIENCE-2019. 100 жаңа оқулық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жаңа гуманитарлық білім бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті жағдай жасау мақсатында университет кітапханасына  дінтану, әлеуметтану, мәдениеттану,  психология, философия, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, төртінші индустриялық революция, адамзат тарихы, тіл білімі салалары бойынша 19 оқулық алынды.

Алдағы уақытта әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, білім алушылардың ой – өрісін  тереңдетуге мүмкіндік жасалмақ.

Әлемнің озық елдерінің ең үздік деп танылған ғылыми еңбектері қазақ тіліне аударылып, университет студенттеріне қолданысқа берілді.