Семей филиалының жұмысы жоғары бағаланды

Пресс-служба     09 Dec,2019        

«Семей филиалының жұмысы жоғары бағаланды» дәл осындай шешім Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының жалпы жиналысында Академия президенті Нұртай Әбіқаевтың төрағалығымен қабылданды.

Жалпы жиынға Семей қаласы атынан Шәкәрім университетінің менторы, педогогика ғылымдарының докторы, профессор Маусымбаев Серікбай Сәлімбекұлы қатысып, «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін» ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының Семей филиалының есебі» жөнінде баяндама жасады.

Сондай-ақ, Семей және Курчатов филиалының жетекшісі Серікбай Маусымбаев Семей қаласының Шәкәрім университеті, Семей медицина университеті және Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы  жөнінде баяндап, жоғары бағаға ие болды.