“Семей менің жүрегімде” фестивалі өтті

Пресс-служба     01 Oct,2019        

29 қыркүйек күні Шәкәрім университетінің ұйымдастыруымен қаламыздың Орталық алаңында «Семей менің жүрегімде» фестивалі өтті.

Биылғы жылы өзінің 85 жылдық мерейтойын атап өтетін Университет Семей қаласының бай рухани дәстүрлерінің сақтаушысы, Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтың ағартушылық миссиясын жалғастырушы болып табылады. Жыл сайынғы дәстүр бойынша фестивальге барлық жастағы мыңдаған қала тұрғындары жиналды.

Сондай-ақ университет түлектері арасында мәдениет, өнер, қоғамдық-саяси саланың еңбек сіңірген қайраткерлері, еліміздің ауқымында ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де туған қаласының атын паш етіп жүрген көрнекті ғалымдар қатысты.

Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған фестиваль аясында жоғарғы оқу орнына жаңа аяқ басқан студенттерді қабылдау рәсімі өтті.

Айта кетейік биыл оқуға қабылданған студенттердің 102-сі алтын белгі иегерлері. Бұл жылдағыдан әлдеқайда жоғары көрсеткіш.

Фестивальдің ең басты бөлімі – ол ойынсыз нұсқа. Университеттің ақылы бөліміне оқуға түскен 1 курс студенттері арасындағы ұтыс ойынының басты сыйлығы – демеушілер тарапынан Автокөлік, 4 жылдық тегін оқу, 1 жылдық тегін оқу және тағы басқа бағалы сыйлықтар болды. – Төртінші көліктің иесі – Гуманитарлық факультет, Психология мамандығының студенті Рыспаева Назигүл атанды.
– Төрт жылдық оқу грантын – Гуманитарлық факультет, Шет тілі: Екі шет ел тілі мамандығының студенті Бигаримов Мақсат иеленді.
Екінші жыл қатарынан фестивальге демеушілік көрсетіп, университет студенттеріне автокөлік сыйлап отырған Экономика және менеджмент үшін Швейцария қолданбалы ғылымдар мектебінің ректоры Доминик Джордан бұл жолы да автокөлікті өз қолымен табыстады.

Фестиваль аясында 2019 жылдың қос дипломды түлегі Жаныбекова Анельге Шәкәрім университетінің және Оңтүстік Кореяның Джонгсанг университетінің дипломдары табысталды.

Қала халқын орталық алаңға жинаған фестивальдің арнайы қонақтары Ресей эстрада жұлдызы Кай Метов және Қазақстан эстрада жұлдыздары ағайынды Жүгінісовтер, Capital Rick 04/07Alli сондай-ақ dj Bruno болды. Ерекше кештің куәсі болған қонақтар Шәкәрім университетіне алғыстарын білдірді.