«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болып қайтты

Пресс-служба     08 May,2019        

Аграрлық факультеттің ұстаздары мен студенттері факультет деканы Сәуле Мункановнамен бірге «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болып қайтты.  «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығының 2 курс студенттері резерват қабырғасында практикалық деңгейде алғашқы кәсіби құзіретке ие болды. Білім алушылардың тәжірибе алмасуына ықпал ету және тығыз байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылған кездесуде студенттер – орман ресурстарын қалай ұтымды пайдалану керек екенін және орман жерлерін өрттен қорғаудың жолдарын үйренді.