Семинар-тренинг күнделігі

Пресс-служба     28 Nov,2019        

Шәкәрім университетінің студенттері Нұр-Сұлтан қаласының Елбасы кітапханасында «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты семинар- тренингке кеткенін айтқан болатынбыз.

80-ге жуық студент қатысып, өз белсенділіктерін танытып жатқан семинар-тренингтің алғашқы күні ойдағыдай өтті.

Жастардың білімділіктерін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жаңа форматтағы тренингтер, шеберлік-сабақтары өту үстінде.

Мазмұнды және инновациялық тренингтер жастарды жігерлендіріп, қызығушылығын арттырды.

«Бүгін өзімізді басқа, қырымыздан көре білдік жаңа достарымызбен де әртүрлі тақырыпта пікір алмасып, ой бөлістік» дейді қатысушы студенттер.

Айта кетейік, университетімізден 50-ге жуық студент қатысып жатқан семинар-тренинг екі күнге жалғасатын болады.