Серік Нұркеновпен кездесу

Пресс-служба     19 Oct,2019        
Шәкәрім университетінде университеттің 85 жылдық мерейтойына орай «Шәкәрім университеті – ашық алаң» іс-шаралар циклі, сондай-ақ Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жоба жеңімпаздарының бірі Серік Нұркеновпен кездесу өтті.  Серік Амангелдіұлы – Шәкәрім университетінің түлегі, Қазақстанда ядролық медицинаның жаңа бағытын ойлап тапқан физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD доктор.  Серік мырза жиылған қонақтардың сұрақтарына жауап беріп, жастарға мотивация берді. Ол, армандап, әрекет етсек барлығына қол жеткізуге болады дейді.
Сондай-ақ, Серік Нұркенов бірінші болып онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды ерте диагностикалау мақсатында Ашық иондаушы сәулелену көздерін қолданды. Қазіргі уақытта оның қатысуымен 17 мыңнан астам адам өткізілді. бұл аурудың ең ерте сатысында түрлі “жаңа өскіндерді” анықтауға мүмкіндік берді, осының арқасында мыңдаған қазақстандықтардың өмірі құтқарылды
Айта кетейік, университет түлегі кездесуге дейін Shakarim Talks  «Ғылымды танымал ету»  тақырыбында  студенттерге  дәріс өткізген болатын.
Ол, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында «Маған  Шәкәрі университеті Оксфордпен Стэнфордтан кем болмады» деген болатын. Бүгін тағы бір мәрте осы сөзді тілге тиек ете отырып, Шәкәрім университетіне алғысын білдірді.