«SERPER» журналының тұсаукесері өтті

Пресс-служба     11 Dec,2019        

Журналистика мамандығының 4 курс студенттерінің «Тәуелсіз таңның жастары» атты шығармашылық кеші өтті.

Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген кеште жас журналистер университет қабырғасында алған білімін қорытындылап, «SERPER»журналының тұсауын кесті. Журнал кафедра ұстаздарының қолдауымен және ЖУ-601 тобының тікелей ұйымдастыруымен жарық көріп отыр.

Арнайы шығарылымның тұсаукесер лентасын басылымға жетекшілік еткен кафедраның аға оқытушысы Дәулетхан Рамазанұлы қиып, студенттерге игі тілектерін жеткізді.

Сондай-ақ, жиналған қауымға ақпараттық-танымдық басылымның мазмұны таныстырылып,алғашқы саны сыйға берілді.

«Университет өмірінен сыр шертетін журналдың ертеңі жарық боларына сенеміз» дейді кафедра оқытушылары.