“Серпін-2050” бағдарламасы аясында бітіруші түлектермен кездесті

Пресс-служба     03 Jun,2019        

12-25 мамыр аралығында Шәкәрім университеті өкілдері «Мәңгілік ел – индустрияға!» – «Серпін-2050» бағдарламасы аясында Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының бітіруші түлектерімен кездесіп қайтты.

Жобанның басты мақсаты еңбек ресурстарының мол артықшылығы орын алып отырған республиканың оңтүстік жастарын еңбек ресурстарына сұраныс көп батыс, шығыс және солтүстік аймақтарда білім алуға жағдай жасап, кейін сол жерлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігін жасау.  Университет атынан Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығының жоғары деңгейлі мамандары Манежанов Б.А және Еркінбеков Т.С, сонымен қатар аграрлық факультеттің ветеринариялық медицина кафедрасының оқытушысы Балғабайқызы Ә, және қазақ филологиясының аға оқытушысы Мүрсәлімов Т.К кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Үгіт насихат жұмыстарын жүргізу барысында Алматы облысынан Ақсу, Сарқан, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Балқаш, Еңбекшіқазақ аудандары, Жамбыл облысынан Жуалы, Талас, Сарысу, Т.Рұсқылов, Меркі, Қордау аудандары, Қызылорда облысынан Қармақшы, Жаңақорған, Қазалы, Арал, Сырдария аудандары қамтылды.

«Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша Шәкәрім университетіне қызығушылық білдірген түлектер саны 900-ден астам болды.

Оқушыларды қызықтыратын барлық сұрақтарға біздің мамандар толық жауап берді. Университет жайлы ақпараты бар буклеттер таратылды. Оқушылар қызығушылық танытып, алдағы уақытта Шәкәрім университетіне «Серпін» жобасы бойынша оқуға түсу жайлы жоспарларымен бөлісті.