“Серпін” бағдарламасы студенттерімен кездесу өтті

Пресс-служба     13 Sep,2019        

12 қыркүйек күні Шәкәрім университетінде Семей қаласының «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алушы студент жастармен кездесу өтті.  Кездесуге Семей қаласы әкімі Садырбаев Айдар Серікқазыұлы, ШҚО Ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Балтабеков Еркебұлан Сайлаубекұлы, ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Есімбекова Арайлым Керімбекқызы қатысты.

Жиын барысында  «Серпін 2050» мемлекеттік бағдараламасымен оқуға келген 1 курс студенттерімен танысып, жастарға қоғамдық жұмыстар туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ өңіріміздегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Студент жастар көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды.

Кездесуден кейін қала әкімінің орынбасары Айдар Серікқазыұлы «Серпін» бағдарламасымен оқуға түсен студенттердің тұрмыс жағдайларымен танысу үшін, бірнеше жатақханаларды аралап шықты. Студенттердің жатақханадағы жағдайларымен танысып, сабаққа дайындалуға барлық мүмкіндік жасалғанын айтты.  Айта кетейік биыл университетке бағдарлама арқылы 80 студент қабылданып, барлығы дерлік жатақханамен қамтамасыз етілген болатын.