«Shákárim lıgasy-ның» 1/8 ойындары өтті

Пресс-служба     20 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде «Shákárim lıgasy-ның» 1/8 ойындары өтті.

Бұл жолы әр факультеттен құралған 10 команда өзара бақ сынасып, өнерлерін ортаға салды.
Өнерімен мойындатып, шешендігімен, тапқырлығымен көзге түскен, көрерменнің таңдайын қақтырған №3, 4 жатақхананың студенттерінен құралған «Оригинал» командасы әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаз атанды.
Әр команда өзінше ерекшеленіп, жақсы ойын өрнегін көрсете білді.
«Бүгін де «Жайдарман» ойындары жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, қоғамдағы түйткілді мәселелерді әзілмен астарлай жеткізетін өнер додасына айналған және жастар сүйіп көретін ойыны» дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік «Shákárim lıgasy-ның» әр жыл сайын дәрежесімен қатар, қызығып ойнайтын командалары да артып келеді. Алдағы уақытта осы 10 команда финалға дейін тартысты ойын көрсететін болады.