Шәкәрім студенттері Нұр-Сұлтанға жол тартты.

Пресс-служба     26 Nov,2019        

Бүгін университетіміздің 50-ге тарта студенті Елордаға аттанды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты семинар-тренинг бұл жолы Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылуда. Елбасы кітапханасында өтетін семинар-тренинг екі күнге созылмақ.
Студенттерді арнайы шығарып салу рәсімінде ректор кеңсесінің басшысы Марат Абдикаримов жастарға ақ жол тілесе, Филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов ақ батасын беріп, сәт-сапар тіледі.
Айта кетейік жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен жиналатын бұл басқосуға Шәкәрім университеті де бірнеше жылдан бері атсалысып келеді.
Екі күн бойы студенттерге белгілі ғалымдар дәрістер оқып, түрлі командалық ойындар ойнататын болады. Сондай-ақ студенттер әртүрлі мұражайларға экскурсия жасап, дүниетанымын кеңейтуге, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.