«Шәкәрім студенттерінің лигасы» өз мәресіне жетті.

Пресс-служба     29 Apr,2019        

28 сәуір күні футболдан «Шәкәрім студенттерінің лигасы» өз мәресіне жетті. 8 айға созылған жарыста Шәкәрім университетінің білімалушылары арасында факультеттер мен жатақханалардан және студенттік ұйымдардан жасақталған 24 команда қатысқан болатын. Нәтижесінде «Шәкәрім студенттерінің лигасы» бойынша 1 орынды инженерлік – технологиялық факультетінің «Металлист» командасы жеңіске жетті.

Екінші орынды жаратылыстану – математика факультетінің «Елімай» командасы табан тіреді.

Үшінші орынға  ақпараттық –коммуникациялық технологиялар факультетінің «Адал» командасы жайғасты.

Барлық жүлделі орындарға медальдар мен грамоталар және кубок таратылды.

Келесі кезекте лиганың үздіктері анықталды.

«Үздік команда» номинациясын ақпараттық- коммуникациялық технологиялар факультетінің «Тарбағатай» командасы иеленді.

«Үздік гол» аталымын Қазақстан студенттері альянсының «Восток» командасының ойыншысы Ахметов Нұржан жеңіп алды.

«Үздік қақпашы» аталымын  инженерлік – технологиялық факультеттің «Авангард» командасының қақпашысы Оразхан Қуаныш Эдуардұлы марапатталды.

«Үздік қорғаушысы» аталымын жаратылыстану – математика факультетінің «Елімай» командасының ойыншысы Марасулов Адильжан Даулетовичмарапатталды.

«Үздік сұрмерген» аталымын инженерлік-технологиялық факультеттің «Авангард» командасының ойыншысы қарсыластар қақпасына 76 гол соққан Қоңысбек Бақдәулет Мұхтарұлы марапатталды.

«Шәкәрім студенттерінің лигасы» ойындарында спорт шебері, белгілі футболшы болған Ермек Смыков атындағы «Үздік ойыншы» аталымымен Инженерлік-технологиялық факультетінің «Металлист» командасының ойыншысы Муха Максим Юрьевич марапатталды

Лигамен қатар 4 жыл қатарынан тарих ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» Сләмов Асқар Сләмұлын еске алуға арналған арнайы Кубок ұйымдастырылды. Үздік үштік келесідегідей:

1 орын – «Елімай» командасы.

2 орын – «Авангард» командасы.

3 орын – «Адал» командасы.

Кубоктық ойындардың «Үздік ойыншысы» аталымымен «Елімай» командасының ойыншысы Зикириянов Сабит марапатталды.

Жақын күндері екі чемпиондардың арасында Университет Ректоры кубогын «Металлист» пен «Елімай» командасы сарапқа салады. Өз командаларына қолдау көрсетуге шақырамыз.