Шәкәрім университеті әлемдік рейтингіге енді

Пресс-служба     17 Oct,2019        

Шәкәрім университеті әлемдік  Emerging Europe and Central Asia рейтингісіне енді.

Qseeca 2020 аймақтық рейтингінің нәтижелері  2019 жылы 15 қазанда «QS in conversation» халықаралық ынтымақтастық арқылы танымалдылықты арттыру: ұтқырлық, тану, брендинг  конференциясында белгілі болды.

Рейтингті бағалау критерийлері 10 бағыт бойынша жүргізілді:

Академиялық беделі,

Жұмыс берушілер арасындағы беделі,

Оқытушылық құрам және білім алушылардың арақатынасы,

Оқытушылық құрамның дәрежелік деңгейі,

Дәйексөздер, жарияланымдар,

Халықаралық  ғылыми  нетворк,

Шетелдік оқытушылар саны,

Шетелдік студенттер саны,

Веб-импакт.

Биыл бұл рейтингтен 28 елдің 353 университеті  орын тепті.

Айта кетейік, QS EECA рейтингі Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның жетекші университеттерін бағалауға арналған. Алғаш рет 2014 жылы жарияланған. Ол, осы аймақтардағы университеттердің басым міндеттері мен мәселелерін көрсету үшін әзірленген әдістеме негізінде рейтингтің пилоттық нұсқасы болып табылады.