Шәкәрім университеті базасында ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні өтті.

Пресс-служба     27 Jun,2020        

Бірінші күні Семей қаласы мен қала аумағындағы аудандардың 250 оқушысы емтихан тапсырды. Ешқандай жағымсыз оқиға орын алмады.

Жоспарланғандай ҰБТ аумағына тек оқушылар мен ұстаздары ғана кіргізілді. Ата-аналарға ҰБТ өткізу барысы онлайн трансляцияланды.

Оқушылар аумаққа әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып кезекпен өтті. Сондай-ақ, әрбір оқушы үшін асфальтта тұру жері белгіленген. Оның шегінен шығу-әлеуметтік жүйені бұзу болып саналады.

Тіркеуден өткен оқушылар дезинфекциялық туннель арқылы өтіп, санитайзерді пайдаланды, дезинфекциялық кілешеденөтіп, бетперделерін ауыстырып кірді.
Шпаргалкалар мен ұялы телефондардың бар-жоғы қатаң тексерілді.

Тексерушілердің айтуынша, ҰБТ-ның алғашқы күні ұялы телефондар мен бамқа да заттар тәркіленбеген. Балалардың басым көпшілігі өз біліміне ғана сенеді және өздерімен бірге қосымша құрылғыларды алып кіру қауіпті екенін түсінеді.

Аудиторияларда емтихан тапсырушылар әлеуметтік дистанцияны сақтап 2 метр қашықтықта отырғызылды.