Шәкәрім университеті қала мектептерінде

Пресс-служба     11 Nov,2019        

Ағымдағы аптада Университеттің өкілдері жыл сайынғы дәстүр бойынша қала мектептерінде «Университет күні» акциясын өткізді. Бұл акцияның басты мақсаты кәсіби бағдар беру, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларын толғандыратын сұрақтарға жауап беру болып табылады.
№17, №22, №28, №1, №5, №39 орта мектептерінде өткен кездесуде университет өкілдері ҰБТ-ны тапсырудағы жаңашылдықтар, өздерінің мамандықтары, студенттер өмірі мен академиялық ұтқырлық аясында шетелде білім алудың зор мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Ал, бүгін №9, №19 орта мектептерінде халықаралық ынтымақтастық, спорттық және студенттік өмір аспектілері қозғалды.
Қазіргі таңда 400-ден астам оқушы өзін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап ала алды. Олардың ішінде Шәкәрім университетіне қызығушылық танытып, болашақта осы университеттің студенті атансам деген түлектер де табылды.