Шәкәрім университеті қашықтықтан оқыту жағдайында

Пресс-служба     20 Mar,2020        

Шәкәрім университеті еліміздің барлық жоғары оқу орындарымен бірге қашықтықтан оқыту технологиясына 7588 білім алушының білім беру процесінің 100% көшуін жүзеге асырды .

Жоғарғы оқу орнында қашықтықтан білім беру технологиясы 2010 жылдан бастап қолданылады, оқу үдерісі  контингенті 5311 құрайтын күндізгі бөлімде оқитындар үшін SemGU AIS (ais.semgu.kz )  автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады, оның ішінде бакалавриат – 4887, магистратура – 386, докторантура – 38.

Moodle платформасын пайдалану арқылы (cdo.semgu.kz ) 2028 студент, сонымен қатар университеттің жоғары агротехникалық колледжі – 196 және “Foundation” орталығының (Моңғолия, Қытай, Өзбекстан азаматтары) – 53 оқушылары оқиды .

Профессорлық оқытушылық құрам мен білім алушылардың өзара іс- қимылы ais.semgu.kz, cdo.semgu.kz, ZOOM, WhatsApp, YouTube, Skype, Telegram, Mail.ru және  интернет желілік ресурстары коммуникацияларының басқа арналары арқылы жүзеге асуда.

Білім алушыларға video.semgu.kz, ebooks.semgu.kz, қосымша сайттарға кіру мүмкіндігі берілді : онда оқу материалдары, видео-дәрістер, электрондық оқу құралдары және басқа да әдістемелік материалдар орналастырылған.

“SemGU AIS” порталы 15- тен астам модульден тұрады, оның ішінде күнделікті бағалар қою, оқу пәндерінің контентін жүктеу, рейтингті автоматты есептеу, қорытынды емтихан бағасы, оқушылардың орындаған тапсырмаларын жүктеу және беру арқылы “электрондық журнал” модулі. Сондай-ақ, электронды журнал арқылы оқытушы Telegram мессенджеріне білім алушылардан хабарлама жібере алады және ала алады .

Күн сайын оқу сабақтарының кестесіне сәйкес (сабаққа қатысу, силлабусқа сәйкес бағалау) университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының электрондық журналын жүргізуіне және оқу пәндерінің контентін толтыруға мониторинг жүргізіледі.

2016 жылдан бастап жұмыс істейтін “e- Shakarim электрондық университеті” орталығы Шәкәрім университетінің профессорлық-оқытушылық құрам үшін бағдарламаны қолдану бойынша семинар-тренингтер өткізіп, Bandicam.com, электрондық платформа ais.semgu.kz білім беру порталы бойынша нұсқаулықтармен таныстырды.

Ғылыми кітапхана білім алушылардың ЖОО-ның және серіктес ЖОО кітапханаларының электорондық ресурстарына қол жеткізуін ұйымдастырды. Қажетті әдебиетті өз бетінше таңдау үшін білім алушылар “КАБИС” электрондық каталогын, сондай-ақ электрондық кітапхананы пайдаланады. Ғылыми кітапхананың ресурстары бойынша осы анықтамалық-іздеу жүйесі кітапхана сайты арқылы университет сайтында оқырмандарға қолжетімді. library.semgu.kz).

“Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” атты республикалық ғылыми-практикалық конференция Қазақстанның ашық білім берудің ұлттық платформасын және “Қазақстанның ашық университеті”порталын пайдалану ұсынылды.

Үш күн ішінде кері байланысы бар 1612 қашықтықтан оқыту сабағы өткізілді. ЖОО порталдары арқылы 1062 жаңартылған оқу материалдары жүктелген. Орындалған тапсырмалар бойынша білім алушылардың 1978 есебі алынды .

Профессор-оқытушылар құрамы 100% қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды.