Шәкәрім университеті жаһандық бастамаға қосылды

Пресс-служба     11 Oct,2019        

10-12 қазан аралығында Шәкәрім университеті #ErasmusDays2019 жаһандық бастамасына қосылды. Бұл күндері ERASMUS+ жобаларының көрмесі ашылды. Үйлестірушілер COMPLETE және DOCMEN жобаларының нәтижелерін ұсынды.

Іс-шараға білім алушылар, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер және Семей қаласының түрлі оқу орындарынан шақырылған қонақтар қатысуда.

Бастама идеясы – ERASMUS+ жобаларына қатысу тәжірибесін тарату, жоғары оқу орындары, білім беру жүйесі, жалпы қоғам деңгейінде болған өзгерістер туралы айту, жобалар жеке өсуге, ұтқырлыққа қатысушылардың мансабын дамытуға әсер етеді. Мақсат –  жобалардың нәтижелерін қалың жұртшылыққа жеткізу. #ErasmusDays2019