Шәкәрім университеті жанынан ашылған Семей жобалық кеңсесінде «Ашық есік күні» өтті.

Пресс-служба     26 Nov,2019        

Ашық есік күніне Семей қаласының инновациялық колледжі студенттері, №4 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары қатысты. Сондай-ақ, ашық есік күніне арнайы келген Шақаман жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары мен ұстаздары көшеплі көрме жұмыстарымен және Семей жобалық кеңсесімен танысты.
Көне жәдігерлер туралы толығырақ ақпарат алып, кеңседе орналасқан Тұңғыш Президент кітап сөресімен танысып, алған әсерлерімен бөлісті.
«Бұған дейін Семей жобалық кеңсесі туралы ақпараттар естіп жүретінбіз, бүгін көзімізбен көріп қуандық. Расында рухани азық алатын орын екен» дейді келуші қонақтар.