Шәкәрім университетімен бірге қысқы демалыс

Пресс-служба     09 Jan,2020        

Талапкерлер қысқы демалысты Шәкәрім университетімен бірге пайдалы өткізді. Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық бөліміне Аягөз, Бесқарағай, Үржар, Абай және Жарма аудандарынан қырықтан астам жоғарғы сынып оқушылары келіп қатысты.

Ағымдағы жылдың 3-8 қаңтар аралығында мектеп оқушылары университеттің үздік оқытушыларынан пәндердің кең спектрі бойынша білім алды.

Курс тыңдаушылары тек білім беру үрдісімен шектелмей, сонымен қатар мәдени-ойын-сауық бағдарламасына да біраз уақыт бөлді. Олар Шәкәрім университеті туралы ақпарат алып, біздің өлкеміздің тарихы туралы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады.

Оқушылар арасында болашақта Шәкәрім университетінің студенті боламын деп ниет білдіргендері де көп болды. Талапкерлер қысқы демалыс уақытын қызықты әрі пайдалы өткізіп, жағымды әсер алып қайтты.