Шәкәрім университетінде ұстаздар күніне орай, 1 – қазан күні “Ұстаздар- ұлы тұлғалар” атты онлайн концерті өтті

Администратор     04 Oct,2020        

Шәкәрім университетінде ұстаздар күніне орай, 1 – қазан күні “Ұстаздар- ұлы тұлғалар” атты онлайн концерті өтті. Онлайн мерекелік кеште алғы сөзінде университет ректоры Байжуманов Мұхтар Қазбекұлы ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады. Өз құттықтауында Мұхтар Қазбекұлы университеттің ғана емес, барша Семей өңірінің ұстаздарына да жүрекжарды ыстық лебізін білдірді.

Әрмен қарай онлайн мерекелік кеш марапаттаумен жалғасын тапты. Биылғы жылдың ең ерекешелігі  университет тарихында  тұңғыш рет білім ордасының дамуына, жетістікке жетуіне адал еңбегі сіңген және өз қызметіне шығармашылық қөзқарасы үшін профессорлық-оқытушылық құрам үздіктері Білім және ғылым министрлігінің 13 «құрмет грамотасымен», 3 «алғыс хатымен»  марапатталды. Сондай-ақ 8 оқытушыға Семей қаласы әкімінің «алғыс хаты», ал 9 оқытушыға ректор «алғыс хаты» табысталды. Онлайн мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Концерттік кеш ұстаздарға деген ән мен жыр шашуымен университетіміздің ансамблі және де белсенді студенттерінің арнауымен жалғасты.