«Shakarim Universitetinin baly»

Пресс-служба     01 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде университеттің 85 жылдық мерейтойына орай    «Shakarim Universitetinin baly» өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін күзгі баллға университетіміздің әр факультетінен 10 жұптан қатысты.

Шараның мақсаты: Студенттердің бос уақытын тиімді өткізу, жастар арасында мәдениетті дамыту және өнерге деген қызығушылығын арттыру болды.

Кештің сәні болатын жас қатысушылар ерекше билерімен сынға түсті.

Бас жүлдені Гуманитарлық факультет жеңіп алса,

2 орынды – Өнер және спорт факультеті иеленді,

3 орынға Экономика және құқық факультеті тұратады.

Жеңімпаздар демеушілер тарапынан түрлі сыйлықтарға ие болады.

Сондай-ақ Ханзада мен Ханшайым аталымы бойынша – студенттік парламенттің инстаграмм парақшасында лайк (лүпіл) арқылы таңдалып, кештің үздік жұбы атанған инженерлік технологиялық факультетінен Арманұлы Ермек пен Жұмағазықызы Альмира болды.

Жастарға әсерлі кеш сыйлаған университет балында – студенттер өнерлерін паш етіп, таланттарын сынға салды.

« Университет балы – жыл сайын асыға күтетін кештеріміздің бірі. Әр жыл сайын ерекшеленіп, дамып келе жатыр. Ендігі келесі кешті асыға күтеміз» дейді қатысушылар.