ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІН 2019 ЖЫЛҒЫ ОЖСБ-ҒА ДАЙЫНДАУ ҮШІН БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІ

2019 жылғы 15-20 сәуірде Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің Тіркеу офисімен алдымыздағы қараша айындағы ОЖСБ-ға білім алушыларды сапалы түрде дайындау мақсатында Шәкәрім университетінің 60 бакалавриат мамандығының 2 курсының 1104 студенттері үшін байқау тестілеуі өткізілді.

ҚРБҒМ 2019 жылы ОЖСБ-ны өткізу үшін жалпы білім беретін пәндер циклі бойынша пәндер тізімін бекітті:

  • Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы;
  • Философия;
  • АКТ (ағылшын тілінде);
  • Шет тілі (ағылшын, неміс, француз).

Байқау тестілеуіне қатысу студенттерге тестілеуді өткізу технологиясымен және ОЖСБ-ң тестілік тапсырмаларымен танысуға мүмкіндік берді.

Байқау ОЖСБ-ң нәтижелері 1-суретте көрсетілген.

 

 

Анализдеу көрсеткендей, байқау ОЖСБ-ң қорытындылары бойынша ең жоғарғы нәтижені Қазақ филологиясы факультетінің студенттері орташа 191 ұпаймен көрсетті , ең төменгі 114 ұпайды Инженерлік-технологиялық факультеттің студенттері жинады.

Мамандықтар арасында ең жоғарғы 200 ұпайды 5В050400 – “Журналистика” мамандығының студенттері, ал ең төменгі орташа 22 ұпайды  5В0727800 – “Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы” мамандығының студенттері жинады.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент