«Шәкәрім университетінің Үздік білім беру бағдарламасы» байқауының екінші кезеңі

Пресс-служба     24 Aug,2019        

23 тамыз күні «Шәкәрім университетінің Үздік білім беру бағдарламасы» байқауының екінші кезеңі өтті.

Байқау комиссиясы байқау ережесіне сәйкес университеттің 21 білім беру бағдарламасының өтінімдері мен материалдарын қарады.

Сыртқы сарапшылар ретінде білім беру бағдарламаларын бағалау жұмыстарына М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің шетел тілі әдіскері Юсупова Маржан Қазбекқызы, Семей қаласының №34 орта мектеп директоры Родионов Сергей Владимирович, “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерваты мемлекеттік мекемесінің  бас директорының орынбасары Сағадиев Жұмағали Кожахметұлы қатысты.

Әрбір білім беру бағдарламасын сараптау үшін жоғарғы оқу орнынан және жұмыс берушілер тарапынан 2 сарапшы тағайындалды. Конкурстық өтінімге кіретін құжаттардың әрқайсысы 10 балдық шкала бойынша бағаланды.

Сарапшылар өз қорытындылары мен бағалау нәтижелерін үшінші кезеңде (2019 жылғы 28-29 тамыз) конкурстың жалпы қорытындыларын шығаратын конкурстық комиссияға тапсырды.

rpt