«Шәкәрім университетінің үздік білім беру бағдарламасы» байқауының үшінші кезеңі

Пресс-служба     29 Aug,2019        

29 тамыз күні Шәкәрім университетінің үздік білім беру бағдарламасы байқауының үшінші кезеңі өтті.

Байқау Қазақстан мен шетелде білім беру қызметтерін ұсыну нарығында Шәкәрім университетінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін инновациялық технологиялар мен әдістерді енгізу арқылы жоғарғы оқу орындарында  дайындаудың барлық бағыттары мен деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының оқу-әдістемелік материалдарын әзірлеуге және жетілдіруге бағытталған.

Қатысушылар білім беру бағдарламасын оқытудың күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуді және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер мен құралдар туралы айтып, Конкурстық комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

dav

dig

3 кезең бойынша өзіндік бағдарламаларын қорғаған қатысушыларға іріктеу жүргізіп, шешім ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауысымен қабылданды.

Байқаудың жүлде қоры – 1000 000 теңге. Жеңімпаздарды алты білім беру бағдарламасы аясында анықтады.

І орын – 1 білім беру бағдарламасы(300 мың тг) – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығы

ІІ орын – 2 білім беру бағдарламасы (400 мың тг) –Психология мамандығы

ІІІ орын – 3 білім беру бағдарламасы (300 мың тг) -Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығы

ІІІ орын-  Техникалық физика мамандығы

Қатысушылардың конкурстық материалдары Шәкәрім университетінің сайтында (Талапкер бетінде) жарияланып, жаңа оқыту бағдарламаларында қолданылатын болады.