Шәкәрім университетінің Жоғары Агротехникалық колледжінің шаңырағында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі аталып өтті.

Пресс-служба     20 Mar,2019        

Колледж шаңырағында “Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні” атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырушылар мерекенің бағдарламасына ежелгі ұлттық тағамдар, әшекейлер, үй безендіру, ойындар, салт-дәстүрлерді жастарға көрсетуді енгізген.

Іс-шараға оқытушылармен қатар ата-аналарда белсенділік танытып, тәрбиелік мәні бар ұлттық дүниелер мен тарихи болмысымыздың  рухани негізіне айналған  құндылықтарды студенттердің бойына сіңіріп, ерекше әсер қалдырды.