Шахматтан қалалық туринир өтті

Пресс-служба     28 Oct,2019        

Университеттің CO-WORКING орталығында Шәкәрім университетінің қолдауымен шахматтан «Megamozg Open» қалалық турнирі өтті.
“Megamozg Group” білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен турнир 7 кезеңнен тұрды. Жарыстың мақсаты қазақстандық жастар арасында шахматты насихаттау және одан әрі дамыту болды.

Жас шахматшылар өздерінің зияткерлік қабілеттерін, қызығушылығы мен логикалық ойлауын көрсетті.

Турнир жеңімпаздарын құттықтаймыз!