Шахматтан турнир өтті

Пресс-служба     25 Nov,2019        

Инженерлік-технологиялық факультетінде шахматтан техника ғылымдарының докторы, профессор Тулеов Елемес Тулеовичті еске алуға арналған турнир өтті.

Елемес Тулеов Шәкәрім университетінде көп жылдар бойы тамақ өнеркәсібі үшін инженерлік және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау ісінде қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін еңбек еткен азамат. Ол туралы жарқын естелік біздің жүргеімізде мәңгі сақталады дейді ұйымдастырушылар.

Өткізілген турнир қорытындысы бойынша ерлер және қыздар арасында жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
Айта кетейік білім алушылар арасында көрнекті ғалымға арналған дәстүрлі шахмат турнирі – жас ұрпақ үшін жарқын үлгі.