Шэньчжень университетінің делегациясы Шәкәрім университетінде

Пресс-служба     01 Oct,2019        

26 қыркүйектен 1 қазан аралығында “Дидактикалық көпір: Еуропа-Азия” халықаралық форумының “Білім беру Жібек жолы” көшпелі секциясы” аясында Шэньчжень университетінің делегациясы Қазақстанға іс сапарымен келді. Іс сапар мақсаты:Шэньчжень университетінің делегациясы Шәкәрім университетінде. 26 қыркүйектен 1 қазан аралығында “Дидактикалық көпір: Еуропа-Азия” халықаралық форумының “Білім беру Жібек жолы” көшпелі секциясы” аясында Шэньчжень университетінің делегациясы Қазақстанға іс сапарымен келді.

Іс сапар мақсаты:- Қазақстандық қоғамның, білім беру, ғылым, мәдениет, үкімет салаларының көрнекті адамдарымен, сондай-ақ студент жастар өкілдерімен сұхбат сериясын жазу.- Бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларына инвестициялар салу перспективаларына кездесулер мен талқылау жүргізу.

Делегация басшысы, BRRI Shenzhen зерттеу институтының директоры Tao Yitao болды. BRRI Лаос бөлімшесінің президенті LUO SENBAI; BRRI Лаос бөлімшесінің вице-президенті ZHENG QING CHUAN; LEO Group Co компаниясының төрағасы. Ltd WANG XIANG RONG; Langogo Technology Co компаниясының Вице-президенті., LTD Saled YUAN XIAOLING; Лаос бөлімі BRRI шет елдерге арналған кеңесші YANG HANXIN  және Гуангдонг СТВ Шэньчжэнь орталығы телеарнасы қызметкерлері делегация құрамында болды.

Айта кетейік түсірілім еліміздің 3 қаласында өтеді; Нұр-сұлтан, Семей, Алматы. Бұл бейнесюжеттер мен жазылған сұхбаттар Қазақстан туралы деректі фильмге енеді және еліміздің Белдеу-Жол жобасындағы рөлін көрсетеді. Фильм  миллиардтаған көрерменге арналған Қытай Ұлттық телеарнасында көрсетілетін болады.

Секция аясында LEO Group және Langogo Technology Co. Ltd компанияларымен меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ секция қонағы Экономика және менеджмент үшін Швейцария қолданбалы ғылымдар мектебінің ректоры Доминик Джордан болды.Қытай делегациясы Шәкәрім университетінің оқытушылар құрамымен кездесіп, университеттің ұйымдастыруымен қаламыздың орталық алаңында өткен «Семей менің жүрегімде» фестиваліне қатысты.

Айта кетейік Шәкәрім университеті-Қазақстан Республикасындағы Шэньчжэнь университетінің жалғыз ресми серіктесі. Бұл Шэньчжэнь Университеті өкілдерінің Қазақстанға екінші сапары.Ағымдағы жылдың мамыр айында Шәкәрім университетінде өткен «Дидактикалық көпір: Еуропа – Азия» білім форумында  Қытай елінің Шэньчжень университетімен ынтымақтастық келісімге қол қойылды. Екі жоғарғы оқу орны арасындағы жалпы ынтымақтастық, студенттер мен педагогикалық құраммен алмасу, сондай-ақ Шэньчжэнь университетінің Белдеу-Жол (BRRI) институтымен ынтымақтастық үшін BRRI-SHAKARIM өкілдігі ашылған болатын. 

Сапар 7 күнге созылып, жоғары оқу орындары, қоғам өкілдері мен мемлекеттік және бизнес құрылымдар арасында ауқымды ынтымақтастыққа бастау алады.