Шетел филологиясы факультетіндегі ұстаздар мерекесі

Пресс-служба     10 Oct,2018        

Қазақстанда дәстүрлі түрде қазанның бірінші жексенбісі күні аталып өтілетін Ұстаздар мерекесі шетел филологиясы және аударма кафедрасында салтанатты түрде  өтті.  Мерекелік концертке “Екі шет тілі” және “Аударма ісі” мамандықтарының студенттері қатысты. Іс-шара студенттердің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ән орындауымен басталды. Бірнеше ерекше шығыс биі , бұдан соң  креативті жігіттердің гитара әуенімен жалғасты.

Концерттің соңында студенттер бірлескен топтық би орындап, өз мұғалімдерін төмендегідей лебізбен шын жүректен құттықтады:

Құрметті ұстаздар! Бүгін сіздерге зор еңбектеріңізге ризашылығымыз білдіреміз. Түлектеріңіз тамаша мамандар, мейірімді және сенімді, білімді және білекті адамдар болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, шығармашылық табыс тілейміз!

   

Әрине, ұстаздар қауымы үшін барлық уақытта ең жақсы марапат шәкірттерінің шын жүректен білдірген алғысы болып қала бермек. Мұғалім – ол білім беруші ғана емес, руханият және адамгершілік иесі.