Шетел және орыс филологиясы факультетіндегі Наурыз мейрамы

Пресс-служба     20 Mar,2019        

Ұлыстың Ұлы күні, берекенің бастауы, жыл басы – Наурыз мерекесі Шетел және орыс филологиясы факультетінде кең көлемде аталып өтті. Негізгі мерекелік шаралар шетел және орыс филологиясы факультетінде ұйымдастырылып, факультеттегі концерттік бағдарлама жиналған студенттер мен ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шетел және орыс филологиясы факультетіндегі Наурыз мейрамы, жылдағы дәстүрге сай жоғарғы деңгейде өтті. Студенттер дайындаған мерекелік бағдарламасы көптің көңілінен шықты. Бұл студенттер әр түрлі көріністерді сахналаса, әнші, бишілердің де өнері, жиналғандардың көңілін көтерді. Концерттік бағдарламаның соңы бата және әр түрлі тілектермен аяқталды. Және де концерттік бағдарламадан шыққан студенттер мен ұстаздар әр топтың дайындаған дастархандарынан дәм татты. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!