ШҚО МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Администратор     17 Apr,2019        

Талапкерлерді рекрутингілеу орталығының ұйымдастыруымен құрылған мобильді топтар Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз, Жарма, Зайсан, Көкпекті,Үржар, Ұлан және Тарбағатай аудандары мен Өскемен және Курчатов қалаларының мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын табысты өткізді.

Жұмыс топтарының құрамында Рекрутингілеу орталығының қызметкерлері, әр факультеттің оқытушылары сондай-ақ университеттің белсенді студенттері болды. Мобильді топтар апта бойы, 8 сәуірден бастап 13 сәуірге дейінгі аралықта үш мыңға жуық абитуриенттерді қамтыды.

Шығыс Қазақстан облысының мектеп бітірушілері биылғы ҰБТ-ның ерекшеліктері мен жаңа білім беру бағдарламалары жайында маңызды ақпараттар мен Шәкәрім университетінің жетістіктері мен халықаралық ынтымақтастық туралы қажетті деректерге қанығып, белсенді студенттік өмір тәрізді қызықты мағлұматтар алды.

Түлектер өздерін толғандырып жүрген барлық сұрақтарға жауап алды, көпшілігі Шәкәрім университетінің білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытты.