Шяуляй университеті оқуға шақырады

Пресс-служба     14 May,2019        

14 мамыр күні Шәкәрім университетінде Литва еліндегі Шяуляй университетінің ректоры, профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Дариусом Шаучюнас және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Биатрис Почкувин студенттермен кездесу өткізді.

Қонақтарымыз студенттерге Шяуляй қаласының географиясы, тарихы мен көрікті жерлері туралы әңгімелеп берді.

Кездесу барысында Шәкәрім университетінің білім алушыларына Шяуляй университетінің бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары таныстырылды, және оқуға түсу, тағылымдамадан өту, академиялық ұтқырлық шарттары түсіндірілді.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Университетте барлық қажетті ақпарат көздеріне қол жеткізу, оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынас, қолжетімді төлем, және жатақханаларда тұру жағдайы қарастырылған.

Шяуляй университеті 40 елден 140-тан астам жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынаста, олардың ішінде  Қазақстанның да жоғарғы оқу орындары бар.

Халықаралық қызмет шеңберінде Шяуляй университеті: студенттер мен оқытушылармен алмасу, кредиттерді аудару мен жинақтаудың Еуропалық жүйесін (ECTS) енгізуге, жобалар мен халықаралық желілерге, жалпы дәрежедегі оқу бағдарламаларына қатысады.

Шяуляй университеті мен Шәкәрім университеті серіктес жоғары оқу орындары атанды. Болашақта олардың жемісті ынтымақтастығы білім алушыларымыз үшін –  бакалавриаттың екі дипломдық бағдарламаларын, магистранттардың тағылымдамадан өтуін, академиялық ұтқырлық және алмасу бағдарламаларын жүзеге асыратын болады.