Шығармашылық кеші

Пресс-служба     17 Oct,2019        

Шәкәрім университетінде университеттің 85 жылдық мерейтойына «Шәкәрім университеті -Ашық алаң» іс-шаралар циклі аясында және “Музыкалық білім” кафедрасының 30 жылдығына орай Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері Қайрғазы Төленнің шығармашылық кеші өтті.

Шығармашылық кешке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Нұрлан Көшеров, халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері Бибігүл Қилымхан, Нартай Бекмолдин, Гаухар Жұмағұлова, Нұрбек Өмірбеков, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаты “Бибігүл” қазақ халық аспаптар оркестрі – бас дирижер Нұрлан Төкей қатысты.


Іс-шара жаңа есімдерді ашуға, өскелең ұрпаққа ұлттық мәдениеттің байлығымен танысуға, өзінің таланты мен шеберлігін көрсетуге және жүзеге асыруға мүмкіндік береді.