Спорт апталығы өтті

Пресс-служба     01 Nov,2019        

Шәкәрім университетінде университеттің 85 жылдық мерейтойына орай спорт апталығы өтті.

Апталықтың басы Ұлттық футбол лигасымен басталды. Жарысқа қаламыздың үздік командалары қатысты. Шәкәрім университетінің командасы BIIMАТА командасын 13:1 есебімен жеңіп, жарыста сәтті өнер көрсетті.

Сондай-ақ кәсіби футбол ойыны өтті. Кәсіби футболға университеттің оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен магистранттары қатысып өзара бақ сынасты.

Сонымен қатар, жастар жылы аясында ұйымдастырылған Семей қаласының қайырымдылық марафонына университет белсенділері қатысып  ерлер арасында Шәкәрім колледжінің оқытушысы Тусупов Абылай, әйелдер арасында Шәкәрім университеті кітапханасының меңгерушісі Евлампиева Елена номинант атанды.

Айта кетейік жарыс Шәкәрім университетінің спорт клубының бас төрешісі Рахымтай Абаковтың және дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттері арасынан төрешілер бригадасының басшылығымен өтті.

Барлық спорттық-бұқаралық іс-шаралар  салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене шынықтыру және спортты дамытуға және балаларды, жастар мен ересек тұрғындарды белсенді қимыл-қозғалыс қызметіне, бос уақыттарын пайдалы өткізуге бағытталды.