Спортшыларымыз жеңістерін университеттің мерейтойына арнады

Пресс-служба     05 Sep,2019        

Өнер және спорт факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студентттері Кәрап Еркежан Ерғалиқызы Болгария мемлекетінің, Пловдив қаласында өткен Таэквондо спортынан Әлем чемпионатында 3-ші орынды иеленсе, Қабдығалықов Берік Серікұлы Россия Федерациясында Грек-Рим күрес спортынан Анчи Самтаев атындағы «Кубок силы» халықаралық турнирінде жеңісті 2-ші орынға ие болды. Спортшыларымыз бұл жеңістерін Шәкәрім университетінің 85 жылдық мерейтойына арнадық дейді. Ел намысын байрақты додаларда қорғап жүрген спортшыларымызға тек сәттілік тілейміз!