4 мамыр күні Шәкәрім университетінің химия және география кафедрасының ұйымдастыруымен Бейбітшілік алаңында қала мектептеріне арналған спорттық-туристік жиын өткізді. Жиынның мақсаты оқушылардың демалысын және бос уақытын тиімді өткізу, сондай-ақ жоғары оқу орны мен мектептер арасындағы серіктестік байланыстарды қолдау болды. Іс-шараға №9, №11, №20, №37 мектептер және Бөкенші ауылдық орта мектебі қатысты. Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, спорттық сайыстарға қатысып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ квест уақытында логикалық тапсырмаларды шешіп, Бейбітшілік аралы аумағында экологиялық сенбілік өткізді. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.