Startup bolashak «Menin Armanym» ұлттық стартап-жоба конкурсы

Пресс-служба     18 Apr,2019        

ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі  және «Болашақ» қауымдастығы  реалити-шоу форматындағы Startup bolashak  «Menin Armanym»    стартап жоба конкурсының 4 – маусымы басталғанын хабарлайды. Жобаның бас серіктестері ретінде «Болашақ» қауымдастығы, Enactus Қазақстан, «Атамекен» ҰКП және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ танылды.

Конкурс мақсаты: жас кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызы бар бизнес- бастамаларын қолдау, алдыңғы қатарлы білім мен  технологияларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық  саласына бағыттау.

Мақсатты аудитория: аймағымыздың 16-29 жас аралығындағы кәсіпкерлікті бастап жатқан азаматтары.

Конкурс кезеңдері:

1 кезең – іріктеу: Аймақтық іріктеу, аймақтағы идеяларды іздеу. Екі күндік  дағдыларды нығайту бағдарламасы, менторлардың көмегі (24-25 сәуір, Семей қ.,Шәкәрім Университеті)

2 кезең – ширек финал: Республикалық Startup Weekend.  16 аймақтан іріктелген жобалар атақты бизнес-тренерлер мен коучерлердің семинар-тренингтеріне қатысады және алдыңғы қатарлы кәсіпкерлерден көмек алуға мүмкіндік алады. (маусым-қыркүйек айлар арасында  Павлодар қ.)

3 кезең – Жартылай финал: Нұр-Сұлтан қаласында телевизиялық форматтағы іс-шара.

4 кезең- Финал: «Menin Armanym» ТВ-шоу. Республикалық  Demo Day.  Қазақстанның түпкірінен жиналған финалисттер инвесторлар, бизнес-ангелдер және  Қазақстанның ірі  венчурлық қорларының басшылығының  алдында  жобаларының қаржыландыруға  лайықты екендігін дәлелдейді.

Приложение 1

Іріктеу кезеңі Семей қаласы Шәкәрім Университетінде 2019 жылдың 24-25 сәуір аралығында  өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін:

  1. Қатысушылар мен менторлар өздерінің  өтінімдерін  nurgaliyev@semgu.kz   электрондық поштағы жібереді (Қосымша 1)
  2. http://www.meninarmanym.kz  сайтында тіркелуі тиіс
  3. Бизнес-идеяның аймақтық іріктеуге презентациясын әзірлеу.

Конкурс ақысыз болып есептеледі.

Қосымша мәліметтер үшін франшиз және технология орталығына хабарласыңыз. Телефондары: 8-7222-31-57-84,  8 747 453 95 13, 8701 355 1823 (ватсап)